Здоровый образ жизни

Туберкулездің алдын алудың алғашқы және өте маңызды қадамы туберкулезге қарсы вакцинация болып табылады. Бұл екпе әрбір жаңа туылған сау балаға  перзентханада 1-4 күн ішінде жасалады және аталған кезеңде баланы қорғау өте маңызды.

Әлемнің ғалымдарының жұмыстары БЦЖ вакцинациясының вакцинация жасалмағандармен салыстырғанда туберкулезбен ауырушаңдылық  5-10 есеге азайғанын дәлелдеген. Вакцинация туберкулез менингиті, іртікті пневмония секілді туберкулездің қауіпті, асқынған түрлерінен сақтануға мүмкіндік береді.

Екпе ерте жасалған балалар бірнеше жыл бұрын қорғанысқа ие болады. Иммунитет 6-7 жылдан кейін ғана әлсірейді. Дәл осы жаста балалардың бір бөлігіне туберкулезге қарсы екінші рет вакцинация жасалады. Неге бәріне жасалмайды? Себебі мектеп жасында балаларымызды жартысы туберкулез қоздырғышын кездестіріп үлгеретіндіктен, ауру жұғып, кей жағдайда туберкулезбен ауыруға да ұшырайды. ТМБ (туберкулез микобактериясын) жұқтырған балаларға туберкулезге қарсы екпе жасалмайды.

Туберкулездің алдын алуда толыққанды тамақтанудың, яғни ақуызға, май мен көмірсуларға бай азық-түліктерді тұтынудың маңызы зор. Сонымен қатар спортпен айналысу, таза ауада жүру, шынықтыратын шаралар жасау қажет. Салауатты өмір салтын ұстану, санитарлық-гигиеналық шараларды қатаң сақтау маңызды: тамақ ішер алдын да қолды жуу, жуылмаған көкгөністер мен жемістерді, сонымен қатар санитарлық бақылаудан өтпеген сүт өнімдерін тұтынбау.

 

 

 

29 Июл, 2025

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:  ЖЕДЕЛ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫ

Қазақстанда санитарлық қызметтің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері ел бойынша 9000-нан астам жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 72%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар. Аптасына 500-ге жуық жаңа жағдай… Read More
03 Сен, 2021

Безопасность детей на дорогах — ответственность взрослых»

Причины детского дорожно-транспортного травматизма: Неумение наблюдать. Невнимательность.  Как обучить ребенка ПДД: Чтобы ребенок не попал в беду, воспитывайте у него уважение к ПДД ежедневно, терпеливо, ненавязчиво. Соблюдай те следующие инструкции:… Read More
04 Фев, 2025

Тұмау мен ЖРВИ алдын алу шаралары:

Тұмау мен ЖРВИ алдын алу шаралары: * адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге баруды шектеңіз;  * Бөлмелерді үнемі желдетіп отырыңыз; * Қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолданыңыз;… Read More