Здоровый образ жизни

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы       № 982 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығымен 2021 жылғы 26 маусымда республика өңірлерінде Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні және 2021 жылғы 1 маусым мен 1 шілде аралығында оған орайластырылған айлық атап өтіледі.

Дүниежүзілік есірткілер туралы баяндамаға сәйкес (2019 жыл) бүкіл әлемде 35 миллионнан астам адам есірткіге тәуелді және олардың саны өсіп, 7 адамның тек 1-еуі ғана ем алуда. Сонымен қатар, дамушы елдерде есірткіні тұтыну деңгейі дамыған елдерге қарағанда тезірек өсуде, ал тұтынушылардың көпшілігі жасөспірімдер мен жастардан тұрады.

         Бұл ретте СОVID-19 пандемиясы есірткінің таралу жолына да, есірткі тұтынушылардың мінез-құлқына да әсер етеді және есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күресті айтарлықтай қиындатады. СОVID-19 пандемиясы кезінде бұл адамдардың көпшілігі қажетті медициналық және психологиялық көмекті жоғалтты, ал осы уақытта есірткі сатушылар өз өнімдерін сату үшін бүкіләлемдік желіні белсенді түрде игере бастады. Пандемия жағдайды ушықтырды. Шекаралардың жабылуы, рейстердің жойылуы және пандемияға байланысты басқа да шектеулер есірткіні жеткізудің дәстүрлі жолдарын бұзды. Олардың «қара нарықтағы» жетіспеушілігі адамдардың сапасы төмен және қауіпті есірткіні қолдана бастауына әкеледі, олардың бағасы өсуде. Бұл проблемалар 2021 жылғы наурызда Венада өткен және 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияның алпысыншы жылдығына және 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияның елу жылдығына арналған есірткі құралдары жөніндегі комиссияның 64-сессиясында айтылды. Пандемия салдары туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды, онда есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жеңілдетілмейтіні расталды.

         БҰҰ мәліметтері бойынша Қазақстан есірткіден өлім-жітім бойынша әлемнің 93 елінің арасында 33-ші орында тұр. Жыл сайын елімізде заңсыз айналымдағы 40 тоннаға дейін түрлі есірткі заттары алынады. Сонымен қатар, Қазақстандағы есірткі нарығының 40%-ға жуығы екі-үш жылда адамды өлтіретін психобелсенді заттарды қолға түсірді. Мамандар синтетикалық есірткіні тұтынушылар санының өсуіне, сондай-ақ оларды өткізу үшін интернеттің пайдаланылуы алаңдатады. БҰҰ-ның соңғы деректері бойынша әлемде 483 жаңа психобелсенді заттар, бұл ретте 60-қа жуығы Қазақстан аумағында және өңірдің шектес мемлекеттерінде тіркелген.

         «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының 2019 жылғы қызметі» статистикалық жинағынын деректері бойынша халықтың психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының бұзылулары мен мінез-құлқының бұзылуларымен жалпы аурушаңдығы тұтастай ел бойынша (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында) 100 000 адамға шаққанда 938,1,0 құрады, яғни абсолюттік санда 173672 адам тіркелген, 2018 жылы бұл көрсеткіш біршама төмен — 100 000 адамға шаққанда 881,3, яғни 161079 адам болды. 2019 жылы алғаш рет анықталған халықтың психикасының бұзылуынан және психобелсенді заттарды қолданумен байланысты мінез-құлқының бұзылуынан халықтың аурушаңдығы 100 000 адамға (15955 адам) шаққанда 86,2-ні құрады.

       Өскелең ұрпақ арасында психоактивті заттарды тұтынудың таралуы ерекше аландаушылық тудырады, өйткені балалар мен жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігі ересектерде тәуелділіктің дамуына тұрақты негіз болады. Метамфетамин мен синтетикалық опиоидтардың артық мөлшерінен болатын өлім әлі де үлкен қиындық болып табылады. Нарықта бақыланатын химикаттар, бақыланатын заттарға балама прекурсорлар бар жаңа психоактивті заттар көбейіп келеді. Опиойдтар — ең қауіпті дәрілер. Соңғы 10 жылдағы өлім-жітім орташа есеппен 71 пайызға: әйелдер арасында 92 пайызға және ер адамдар арасында 63 пайызға өсті.

       Елдегі жағдай соңғы уақытқа дейін ерте алкогольдендіру, шылымқорлық пен токсикомания көбінесе ата-аналары бейәлеуметтік өмір салтын ұстанған тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға әсер етті. Қазіргі уақытта жас нашақорлардың саны қоғамның берекелі топтарынан, табысы жоғары отбасылардан шыққан жасөспірімдермен толығуда. Әдетте, балаларға көңіл аударудың жеткіліксіздігі және отбасындағы моральдық-этикалық нормалардың төмендігі жасөспірімдердің қаржылық еркіндігімен үйлеседі.                        Есірткі бизнесіне қарсы күресте, есірткі заттарына тәуелділіктің алдын алу мен емдеуде ғылыми негізделген және тиімді тәсілдерді дамыту Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өтініштерінде бірнеше рет атап өтілді. Ел нашақорлыққа жөне есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы халықаралық желілер мен бағдарламаларды, оның ішінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2017- 2022 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясын құруға және қолдауға белсенді қатысады.

         Қазақстан есірткі бизнесіне және есірткі тасымалына қарсы іс-қимыл жөніндегі көп-жақты келісімдер шеңберінде, оның ішінде БҰҰ басқармасының қатысуымен құрылған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының базасында өңір бойынша жақын көршілерімен тығыз ынтымақтастық орнатты. Осы шаралардың арқасында Қазақстанда есепте тұрған нашақорлардың саны 2014 жылғы 33 мыңнан 2019 жылы 22 мыңға дейін азайды.

          «Жақсы әдеттер марафоны» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты халықтың денсаулығын сақтайтын жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, психобелсенді заттарды (ПБЗ) түтынудың алдын алу бойынша әр түрлі жас санаттарындағы халықтың хабардарлығын арттыру болып табылады. Халықтың денсаулық туралы түсінігін маңызды жалпы адамзаттық құндылық екенін, өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына жауапты көзқарас ретінде қарауды қалыптастыру.

11 Сен, 2022

Всемирный День  Сердца (28 сентября)

По данным ВОЗ, болезни системы кровообращения (БСК) являются основной причиной смерти во всем мире.         Внедрение интегрированной модели по оказанию медицинской помощи повысит эффективность медицинских услуг по профилактике и лечению… Read More
05 Мар, 2022

ПАМЯТКА для  работников лечебно-профилактических  учреждений

                                                              Текущая влажная уборка (пола, мебели, оборудования, подоконников, дверей) проводится не менее двух раз в сутки, в операционных между операциями, с использованием моющих и дезинфицирующих средств, разрешенных к применению… Read More
03 Сен, 2021

Безопасность детей на дорогах — ответственность взрослых»

Причины детского дорожно-транспортного травматизма: Неумение наблюдать. Невнимательность.  Как обучить ребенка ПДД: Чтобы ребенок не попал в беду, воспитывайте у него уважение к ПДД ежедневно, терпеливо, ненавязчиво. Соблюдай те следующие инструкции:… Read More