1 Күн тәртібін жопарлау және сақтау
. 1-2 сынып оқушыларының үй тапсырмаларын орындауына кететін уақыты 1,5-2
сағаттан, 3-4 сынып оқушыларына – 2 сағаттан, жоғары сынып оқушыларына – 3-4
сағаттан аспауы тиіс. Көзге қатты күш түсірмеу үшін әр 40 минут сайын үзіліс жасау
қажет.
Баланың дұрыс ұйықтауын қадағалау керек, ұйқы 7-10 жаста: 10-11 сағат, 11-14 жаста: 9-
10 сағат, 15-17 жаста: 8-9 сағат болуы тиіс.
2 Теңдестірілген тамақтану
Оқушылардың тамақтануы түрақты түрде 4 рет болуы тиіс, баланың жасына сәйкес ақуыз,
май, көмірсу, дәрумендер мен микроэлементтердің мөлшері жеткілікті болуы қажет, тамақ
ішу арасындағы аралық 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс
3 Оқушының үйдегі жұмыс орны
Дұрыс таңдалған жиһаз – үстел, орындық немесе кресло дене бітімінің жақсы
қалыптасуына көмектеседі. Биіктігі реттелетін үстелдер мен орындықтарды сатып алған
дұрыс, баланың бойына қарай олардың биіктігін өзгертіп отыру қажет. Орындыққа
отырғанда түзу, иық сәл төмен және бір қалыпты отыру керек, арқасын беліне қарай сәл
бүгіп, басын төмен түсірмей, сәл алға қарай еңкейіңкіреп, шынтақтарын 90 градусқа бүгіп
отыру қажет. Табанын еденге немесе тіреуішке қойып отыру керек.
4 Ыңғайлы және әдемі мектеп формасы
Киімнің бірінші қабатын (іш киім, шұлық-носки бұйымдары) жоғары гигроскопиялық
және ауа өткізетін табиғи маталардан (мақта, табиғи жібек, жүн) таңдаған дұрыс.
Балалардың барлық жасына арналған жабық аяқ киімнің астарының жасанды және
(немесе) синтетикалық және (немесе) композициялық былғарыдан жасалуына жол
берілмейтінін білу керек.
5 Нені таңдау керек: мектеп ранеці ме, портфель ме немесе иыққа ілетін сөмке ме?
Бастауыш сынып оқушылары үшін олардың салмағы 700 грамнан аспауы керек, орта және
жоғары сыныптар үшін – 1000 грамнан аспауы керек.
Сондай-ақ оқу жиынтығының салмағы (портфельдің, ранецтің немесе рюкзактың
салмағын есепке алмағанда) нормаланады және мыналардан: 1 – 3 сынып оқушылары
үшін – 1,5 – 2 кг; 4 – 5 сынып оқушылары үшін – 2 -2,5 кг; 6 – 7 сынып оқушылары үшін –
3-3,5 кг; 8 – 11(12) сынып оқушылары үшін -4-4,5 кг аспауы тиіс.
6 Компьютерлер, смартфондар, планшеттер және басқа гаджеттер
Бір оқу сағатында (45 минут) видеотерминалмен, дербес компьютермен, планшеттік
дербес компьютермен және ноутбуктермен тікелей жұмыс уақыты: мектепалды, мектепке
дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда – 15 минуттан аспау; 2-3 сыныптарда-
20 минуттан аспау; 4-8 сыныптарда-25 минуттан аспау; 9-11 (12) сыныптарда -30
минуттан аспау керек.
7 Дұрысы – қозғалыс белсенділігі және шынығу
Дене белсенділігінде сауықтыру ресурсы көп болады, дене белсенділігі сүйек қаңқасы мен
бұлшықеттің дұрыс өсуіне және дамуына ықпал етеді, сонымен қатар жеткілікті қозғалыс
жүктемесі қалжырап шаршаудың алдын алады. Қозғалмалы ойындар, жаяу серуендеу,
жүгіру, туристік сапарлар, әртүрлі спорт түрлері – кез келген қозғалыс белсенділігі сіздің
балаңызға өте пайдалы болады.
8 Гигиена – денсаулық кепілі
Жеке гигиенаны ғана емес, қоршаған кеңістіктің тазалығын да сақтауға үйрету керек.
Бөлмені үнемі желдетіп отыру, шаңды сүрту және дымқыл тазалау, жеке заттарды таза
және ұқыпты ұстау маңызды.
Жолдан келгеннен кейін, тамақтанар алдында, дәретханадан кейін, жануарларды,
ақшаны, гаджеттерді (смартфондар, планшеттер, пернетақта, тінтуір және т.б.) ұстағаннан
кейін, сондай-ақ олар ластанған жағдайда қолды жуу керек.


