Здоровый образ жизни

Қазақстанда санитарлық қызметтің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері ел бойынша 9000-нан астам жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 72%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар. Аптасына 500-ге жуық жаңа жағдай анықталуда.

ЖІИ-нің алдын алу – өз қолыңызда!

Өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін мына қарапайым ережелерді сақтаңыз:
– көшеден келген соң, тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабындап жуыңыз;
– тек қайнатылған немесе бөтелкедегі сапалы суды тұтыныңыз;
– жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуып, қайнаған сумен шаюды ұмытпаңыз;
– тек жақсы термиялық өңдеуден өткен тағамдарды жеңіз;
– жарамдылық мерзімі өткен немесе тоңазытқышта сақталмаған өнімдерді пайдаланбаңыз;
– дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз;
– ас үйдің, ыдыс-аяқ пен кесу құралдарының тазалығын сақтаңыз, шикі және дайын өнімдерге арналған жеке пышақ пен тақтайша пайдаланыңыз;
– тағамды жәндіктер мен кеміргіштерден қорғалған жабық ыдыста сақтаңыз;
– үйдегі зиянкестерден дер кезінде арылыңыз;
– үй мен аула тазалығын қадағалаңыз;
– тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылыңыз, суға түскенде ауызға су кіргізбеңіз.

Есіңізде болсын: тазалық пен гигиенаны сақтау – жаз мезгілінде инфекциядан қорғанудың ең тиімді жолы.

05 Мар, 2022

Профилактика ИППП (беседа)

Актуальность вопросов профилактики и распространения ИППП – (далее – инфекции передаваемые половым путем) определяется продолжающимся во всем мире ростом количества ИППП. Термин ИППП означает, что вызывающие их микроорганизмы  передаются от… Read More
13 Июн, 2022

Профилактика Холеры

Холера представляет собой особо опасную инфекционную болезнь с диарейным синдромом, фекально-оральным механизмом передачи возбудителя инфекции, водным (наиболее частым), пищевым и контактным путями распространения. Характеризуется различной тяжестью клинического течения заболевания, нарушением… Read More
12 Фев, 2024

Ауа тамшыларымен берілетін инфекциялардың алдын алу

(қызылша, COVID-19 короновирустық инфекциясы, тұмау және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекциялар) 1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас санитарлық дәрігері халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық… Read More