Здоровый образ жизни

Қазақстанда санитарлық қызметтің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері ел бойынша 9000-нан астам жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 72%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар. Аптасына 500-ге жуық жаңа жағдай анықталуда.

ЖІИ-нің алдын алу – өз қолыңызда!

Өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін мына қарапайым ережелерді сақтаңыз:
– көшеден келген соң, тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабындап жуыңыз;
– тек қайнатылған немесе бөтелкедегі сапалы суды тұтыныңыз;
– жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуып, қайнаған сумен шаюды ұмытпаңыз;
– тек жақсы термиялық өңдеуден өткен тағамдарды жеңіз;
– жарамдылық мерзімі өткен немесе тоңазытқышта сақталмаған өнімдерді пайдаланбаңыз;
– дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз;
– ас үйдің, ыдыс-аяқ пен кесу құралдарының тазалығын сақтаңыз, шикі және дайын өнімдерге арналған жеке пышақ пен тақтайша пайдаланыңыз;
– тағамды жәндіктер мен кеміргіштерден қорғалған жабық ыдыста сақтаңыз;
– үйдегі зиянкестерден дер кезінде арылыңыз;
– үй мен аула тазалығын қадағалаңыз;
– тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылыңыз, суға түскенде ауызға су кіргізбеңіз.

Есіңізде болсын: тазалық пен гигиенаны сақтау – жаз мезгілінде инфекциядан қорғанудың ең тиімді жолы.

24 Фев, 2021

«Туберкулезден қорғауну үшін не істеу қажет?»

Туберкулездің алдын алудың алғашқы және өте маңызды қадамы туберкулезге қарсы вакцинация болып табылады. Бұл екпе әрбір жаңа туылған сау балаға  перзентханада 1-4 күн ішінде жасалады және аталған кезеңде баланы қорғау… Read More
07 Фев, 2024

4 февраля всемирный день борьбы с раком молочной железы

К потенциальным симптомам рака молочной железы относятся: - опухание молочной железы; -появление ямочек на на коже (похожа на  апельсиновую корочку); -боль в молочной железе или соске; -покраснение, сухость, шелушение кожи… Read More
06 Май, 2025

Пиво

Пиво — слабоалкогольный напиток, изготавливаемый из хмеля и ячменного солода с использованием специальных штаммов дрожжей. Пиво производится путем брожения — превращения сахара в спирт и углекислый газ под действием дрожжей.… Read More