Здоровый образ жизни

Туберкулездің алдын алудың алғашқы және өте маңызды қадамы туберкулезге қарсы вакцинация болып табылады. Бұл екпе әрбір жаңа туылған сау балаға  перзентханада 1-4 күн ішінде жасалады және аталған кезеңде баланы қорғау өте маңызды.

Әлемнің ғалымдарының жұмыстары БЦЖ вакцинациясының вакцинация жасалмағандармен салыстырғанда туберкулезбен ауырушаңдылық  5-10 есеге азайғанын дәлелдеген. Вакцинация туберкулез менингиті, іртікті пневмония секілді туберкулездің қауіпті, асқынған түрлерінен сақтануға мүмкіндік береді.

Екпе ерте жасалған балалар бірнеше жыл бұрын қорғанысқа ие болады. Иммунитет 6-7 жылдан кейін ғана әлсірейді. Дәл осы жаста балалардың бір бөлігіне туберкулезге қарсы екінші рет вакцинация жасалады. Неге бәріне жасалмайды? Себебі мектеп жасында балаларымызды жартысы туберкулез қоздырғышын кездестіріп үлгеретіндіктен, ауру жұғып, кей жағдайда туберкулезбен ауыруға да ұшырайды. ТМБ (туберкулез микобактериясын) жұқтырған балаларға туберкулезге қарсы екпе жасалмайды.

Туберкулездің алдын алуда толыққанды тамақтанудың, яғни ақуызға, май мен көмірсуларға бай азық-түліктерді тұтынудың маңызы зор. Сонымен қатар спортпен айналысу, таза ауада жүру, шынықтыратын шаралар жасау қажет. Салауатты өмір салтын ұстану, санитарлық-гигиеналық шараларды қатаң сақтау маңызды: тамақ ішер алдын да қолды жуу, жуылмаған көкгөністер мен жемістерді, сонымен қатар санитарлық бақылаудан өтпеген сүт өнімдерін тұтынбау.

 

 

 

28 Авг, 2025

КОСМЕТИКАДАҒЫ УЛЫ ЗАТТАР

Заманауи косметика индустриясы бет-әлпетті жақсартуға және қартаюды тоқтатуға уәде беретін мыңдаған өнімдерді ұсынады. Алайда, косметиканың құрамындағы барлық ингредиенттер қауіпсіз емес. Кейбір компоненттер аллергия, тітіркенуді тудыру мүмкін немесе тіпті организмде жиналып,… Read More
05 Мар, 2022

ВИЧ/СПИД. Пути заражения. Профилактика.

ВИЧ (Вирус Иммунодефицита Человека) - это вирус, который передаётся от человека к человеку и вызывает разрушение иммунной системы организма человека. ВИЧ-инфекция - это заболевание, возникающее при проникновении в организм человека… Read More
13 Июн, 2022

Профилактика Холеры

Холера представляет собой особо опасную инфекционную болезнь с диарейным синдромом, фекально-оральным механизмом передачи возбудителя инфекции, водным (наиболее частым), пищевым и контактным путями распространения. Характеризуется различной тяжестью клинического течения заболевания, нарушением… Read More