Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №982 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ic-шаралap жоспарын тиімді iске асыру щеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығы жанынан ”Халықтың денсаулық мәселелеріндегі сауаттылығын арттыру, COVID-19-дың алдын алу санитариялық сауаттылығы” ұлттық бағдарламасы 1-15 шілде аралығында жүзеге асырылуда.
Өзектілігі.
Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық жалпы сауаттылықпен байланысты және адамдардың өз пікірін білдіру және күнделікті өмірде медициналық-санитариялық көмекке, аурулардың алдын алуға және денсаулыкты нығайтуға қатысты шешімдер қабылдау, өмір сапасын қолдау немесе жақсарту үшін медициналық ақпаратты алу, түсіну, бағалау және қолдану үшін қажетті білімі, уәждемесі мен іскерлігінің болуын білдіреді
(2012 ж. Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық жөніндегі еуропалық консорциум). Білім мен түсінік денсаулықты нығайтуда қуатты кұрал больп қала береді. Халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру азаматтар өз денсаулығын нығайтуда белсенді рөл атқара алатын, денсаулық мүддесі үшін жергілікті қоғамдастықтардың ұжымдық іс-қимылдарына табысты қатыса алатын және билік органдарынан халық денсаулығына қатысты өз міндеттерін орындауды және денсаулық сақтау мәселелеріндегі тең құқықты талап ете алатын тірегін жасауға мүмкіндік береді.
Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық денгейіне жасы, білім денгейі, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, созылмалы аурулардың болуы немесе болмауы және т.б. сияқты көптеген көрсеткіштер әсер етеді, дегенмен, көбінесе жақсы білімі бар және қалыпты өркендеу деңгейі бар адамдар да өз денсаулығына қатысты тиісті шешімдер қабылдауға қиналады. Бұл Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық адамдардың жеке қабілеттеріне ғана емес, сонымен қатар аурулардың алдын-алу және емдеу туралы қолжетімді, оңай қабылданатын, бағаланатын және қолданылатын ақпаратқа олардың қолданыстағы жүйеден алуына байланысты.
Пандемия кезінде санитарлық сауаттылықты арттыру ерекше мәнге ие. Адамзаттың жаһандық проблемасына айналған жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) өршуіне Кытайдың Ухань қаласында 2019 жылдың желтоқсанында тіркелген SARS-CoV-2 вирусы себеп болды. Қазақстанда COVID-19 алғашкы окиғалары 2020 жылдың 13 наурызында Германиядан келген адамдар арасында тікелді. Ауру жағдайлары кейіннен бүкіл әлемде экспоненциалды түрде өстi. Халыктың көші-қон белсенділігі жоғары болуы вирустық инфекцияның бүкіл әлемде таралуына ықпал eттi.
2020 жылдың 30 каңтарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры коронавирустық аурудың (COVID-19) өршуін Халыкаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады. ДДҰ COVID-19 таралуына ден кою шаралары жөніндегі құжаттарды дереу әзірледі, онда басты міндеттердің бірі тәуекелдер туралы хабардар ету және жергілікті қоғамдастықпен өзара ic-қимыл жасау больш табылады. Бұл ретте коғамга және коғамның баска да секторларына COVID-19-ға байланысты дайындықты камтамасыз ету және ден қою шаралары жөніңдегі стратегиялар мен араласуды алдын ала жариялау және түсіндіру қажет екендігі ерекше атап өтілді, бұл рәсімдері әрбір өзгерістер енгізу кезінде қайталайды.
Вирустың таралуы, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмау және онымен күресу үшін қабылданған шаралар туралы адамдарға хабарлау маңызды. Бедел мен сенімді қалыптастыру және сақтау үшін жұртшылықтың түсүнігін ескеретін және көрсететін икемді, ашық,тұрақты және жан-жақты ақпарат беру қажет.
Корқыныштарды, кауесеттер мен жалған мәліметтерді анықтау және оларға ден кою аркылы ”ақпараттық індетті” алдын ала баскаруға арналған дезинформация жүйесін әзірлеу керек.
Ұсынылған әрекеттерге, ең алдымен:
- түмау індетіне немесе қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы баска да оқиғаларға байланысты акпараттандырудың қолданыстағы рәсімдерін пайдалана отырып, COVID-19-ғa байланысты тәуекелдер туралы хабардар ету және жергілікті коғамдастықтармен өз ара іс-қимыл саласындағы ұлттық жоспарды іске қосу;
- алдын алу жане бақылау шаралары туралы акпараттандырудың бірыңғай тетігін пайдалану; бұқаралы ақпарат құралдарымен, қоғамдьқ денсаулық сақтау желілерімен және жергілікті қоғамдық ұйымдармен, жергілікті билік органдарымен және ҮЕҰ-мен, сондай-ақ басқа да секторлармен (мысалы, денсаулык сактау, білім беру, бизнес, туризм, қоршаған ортаны қорғау, мал шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және ауыл шаруашылығы) өз-ара ic-қимыл жасау;
- жергілікті халықтың қоғамдық ұсыныстарды анықтау, жедел ден кою және дезинформацияға қарсы күрес iciнe мәдени тұрғыдан қолайлы және ынталы қатысуын көтермелеу.
ҚДС ҰО ақпаратынан




